«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін әріптестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес Серіктестік объектілерінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін әріптесті таңдау жөнінде аукцион өткізілетінін хабарлайды.
Аукцион 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 01-06/13 бұйрығымен бекітілген бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін әріптестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (консорциум) сәйкес өткізіледі.
1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары
Бурабай курорттық аумағындағы Визит-орталығы ғимаратының 1-қабатында орналасқан, жалпы ауданы 40 (қырық) шаршы метр болатын алаң (орналасу сызбасы қоса беріледі).
Объектінің мекенжайы:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті,
Кенесары көшесі, 38, Визит-орталық ғимараты, 1 қабат.
Нысаналы мақсаты: Визит-орталығы ғимаратында орналасқан алаң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, кофехана орналастыруға арналған.
2. Аукционның мәні
Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.
3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны
Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).
4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.
Аукцион 2026 жылғы 28 сәуір сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 30 сәуір сағат 13:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:
- 2026 жылғы 28 сәуір сағат 09:00-ден 2026 жылғы 30 сәуір сағат 11:00-ге дейін – аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
- 2026 жылғы 30 сәуір сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – электрондық сауда-саттықты өткізу.
Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.
Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:
https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya
5. Лоттың бастапқы бағасы
Бастапқы бағасы: айына 200 000 (екі жүз мың) теңге.
6. Аукцион қадамының мөлшері
Аукцион қадамының мөлшері - 20 000 (жиырма мың) теңге.
7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі
Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт аукцион жеңімпазымен:
1. жеңімпаз жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2. шарт жасалған күннен бастап 1 (бір) жыл мерзімге жасалады.
8. Аукционға қатысу шарттары
Аукционға қатысуға Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 723-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес арнайы салық режимдері белгіленген шарттар мен шектеулер сақталған жағдайда қолданылады. Бұл ретте бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызмет жүзеге асыратын салық төлеушілер арнайы салық режимдерін қолдануға құқылы емес.
Егер аукцион жеңімпазы жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде болмаса, ол бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген режимге көшуге міндетті.
(https://kodeksy-kz.com/ka/nalogovyj_kodeks/723.htm#google_vignette)
9. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар
Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
- Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
- өтінім беру сәтінде Серіктестік алдында берешегі болмауы тиіс;
- терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
- банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
- сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.
10. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын
құжаттардың тізбесі
Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:
1) белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім, E-Sauda электрондық платформасы арқылы ұсынылған;
2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;
3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,
банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер (қажет болған жағдайда);
5) Эскиздік жоба – қажет болған жағдайда объектінің негізгі көлемдік-жоспарлау, функционалдық және көрнекі шешімдерін көрсететін тұжырымдамалық сипаттағы графикалық және мәтіндік материалдар жиынтығы.
Эскиздік жоба объектіні пайдаланудың ұсынылатын тұжырымдамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында ұсынылады, оның ішінде объектінің сыртқы келбетіне, функционалдық мақсатына және орналастырылуына қойылатын талаптар ескеріледі.
11. Ұсынылатын қызметтерге қойылатын талаптар
- Кофехана келушілер мен туристерге ыстық сусындар мен кондитерлік өнімдерді сатуға басымдық берілген жедел қызмет көрсету форматында жұмыс істеуі тиіс.
- Ассортиментте міндетті түрде кофе (эспрессо, американо, капучино, латте және басқа да түрлері), шай (қара, жасыл, шөп шайлары), салқындатылған сусындар, пончиктер, торттар, пирожныйлар және өзге де кондитерлік өнімдер болуы тиіс. Жалпы тұжырымдаманы сақтай отырып, ассортиментті кеңейтуге жол беріледі.
- Аумағы 20 шаршы метр жерде келушілерге арналған кемінде 5–6 үстел мен орындық орналастырылуы тиіс.
- Өнім жаңа әрі қауіпсіз болуы, санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес келуі тиіс. Өнімге қатысты растайтын құжаттардың болуы міндетті. Келушілерге қызмет көрсету жедел түрде, әдептілік пен клиентке бағдарлану стандарттарын сақтай отырып жүзеге асырылуы, сондай-ақ жұмыс аймағы мен қызмет көрсету аймағында тазалық міндетті түрде қамтамасыз етілуі тиіс.
- Сауда нүктесінің сыртқы келбеті ұқыпты болып, объектінің белгіленген тұжырымдамасына сәйкес келуі тиіс (бекітілген талаптар болған жағдайда), келушілер үшін қолжетімді мәзір мен баға көрсеткіштері міндетті түрде болуы қажет.
- Кофехана сусындар дайындауға және өнімдерді сақтауға арналған қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Жабдықтар техникалық тұрғыдан жарамды күйде болуы тиіс.
- Кофехана қызметкерлері объектінің бірыңғай стиліне сәйкес келетін арнайы киіммен (униформамен) қамтамасыз етілуі тиіс. Униформа таза, ұқыпты болуы және жұмыс уақыты бойы пайдаланылуы тиіс.
- Жалға алушы белгіленген жұмыс режимін сақтауға, туристік маусымда үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ іргелес аумақта санитариялық жағдай мен тәртіпті ұстауға міндетті.
12. Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 20 сәуірден бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 27 сәуірде сағат 17:00-де аяқталады.
13. Байланыс және қосымша ақпарат
Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09: 00-ден 18: 00-ға дейін).
Мүдделі тұлғалар лот объектісімен алдын ала келісу арқылы келесі мекенжай бойынша орнында таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі, 38, Визит-орталығы ғимараты, 1-қабат.