Басты бет66. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу ту...

66. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

66. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ 66. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

Аукцион 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 01-06/13 бұйрықпен бекітілген бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді (консорциум) таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары

Бурабай курорттық аймағындағы Абылай хан алаңы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 1 (бір) шаршы метр болатын алаң (орналасу схемасы қоса беріледі).

Объектінің мекенжайы:

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңының аумағы.

Нысаналы мақсаты: Аталған аумақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарын сақтай отырып, ағаш бұйымдарын сату үшін бір жылжымалы сөре (стойка) орнатуға арналған.

2. Аукционның мәні

Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.

3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны

Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).

4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.

Аукцион 2026 жылғы 28 сәуір сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 30 сәуір сағат 13:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:

  • 2026 жылғы 28 сәуір сағат 09:00-ден 2026 жылғы 30 сәуірсағат 11:00-ге дейін – аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
  • 2026 жылғы 30 сәуірсағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – электрондық сауда-саттықты өткізу.

         Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.

Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya

5. Лоттың бастапқы бағасы

Бастапқы бағасы: айына 60 000 (алпыс мың) теңге.

6. Аукцион қадамының мөлшері

Аукцион қадамының мөлшері - 6 000 (алты мың) теңге.

7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі

Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт қол қойылған күннен бастап 5 (бес) айға жасалады.

8. Шарт жасасу тәртібі

Аукцион жеңімпазы нәтижелер жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шарт жасасуға міндетті.

Жеңімпаз шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, ұсыныс келесі ең жоғары баға ұсынған қатысушыға (екінші жеңімпазға) беріледі.

Шарт жасасудан жалтару болып саналады:

  • белгіленген мерзімде шартты ұсынбау;
  • Серіктестіктің хабарламаларын елемеу;
  • шартқа қол қоюдан тікелей бас тарту.

Бас тартқан тұлға ҚР Президенті Іс басқармасының сенімсіз жеткізушілер тізіліміне енгізіледі.

9. Аукционға қатысу шарттары

ҚР аумағында тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады.

Салық кодексінің 723-бабының талаптарына сәйкес:
бірлескен қызмет туралы шарт бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер арнайы салық режимдерін қолдана алмайды.

Қажет болған жағдайда жеңімпаз 5 жұмыс күні ішінде жалпыға бірдей салық режиміне көшуге міндетті.

10. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар

Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
  • Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
  • Серіктестік алдында берешегі болмауы тиіс;
  • терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
  • банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
  • сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.

11. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын

құжаттардың тізбесі

Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:

1) аукционға қатысуға арналған белгіленген нысандағы өтінім;

2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;

3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,

банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер;

5) орналастырылатын уақытша объектінің (тасымалданатын стендтің) болжамды түрінің эскизі (визуализациясы) немесе фотосуреттері.

12. Сатылатын өнім ассортиментіне қойылатын талаптар

Ұсынылатын визуализация ағаш бұйымдарын өткізу үшін алаңды пайдалану форматын көрсетуі және бір жылжымалы сөренің (стойканың) сызбалық бейнесін және/немесе фотосуреттерін, сондай-ақ төмендегі мәліметтерді қамтуы тиіс:

• ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарының нақты бар екенін растайтын, ассортименті мен сыртқы келбетін көрсететін фотоматериалдарды міндетті түрде ұсыну;

• ассортимент келесі тізбеден кемінде 6 (алты) түрлі ағаш түрінен жасалған бұйымдарды қамтуы тиіс: қарағай, қайың, емен, бук, қарағаш, алма ағашы, үйеңкі, балқарағай;

• фотоматериалдар өзекті болуы, нақты қолда бар өнім ассортиментін шынайы көрсетуі және бөгде (басқа көздерден алынған) суреттерді пайдалануға жол бермеуі тиіс;

• фотоматериалдардың болмауы немесе шындыққа сәйкес келмейтін суреттерді ұсыну өтінімді қабылдамауға негіз болып табылады.

13. Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 23 сәуірден бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 27 сәуірде сағат 17:00-де аяқталады.

14. Байланыс және қосымша ақпарат

Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін).

Мүдделі тұлғалар лот объектісімен алдын ала келісу арқылы келесі мекенжай бойынша орнында таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңы.