Басты бет84. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу ту...

84. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

84. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ 84. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

Аукцион 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 01-06/13 бұйрықпен бекітілген бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді (консорциум) таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары

Бурабай курорттық аймағындағы Абылай хан алаңы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 2 (екі) шаршы метр болатын алаң (орналасу схемасы қоса беріледі).

Объектінің мекенжайы:

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңының аумағы.

Нысаналы мақсаты: Визит-орталығының ашық аумағында орналасқан алаң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, табиғи және сәндік тастардан жасалған әшекей бұйымдарды сату үшін арналған.

2. Аукционның мәні

Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.

3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны

Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).

4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.

Аукцион 2026 жылғы 12 мамыр сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 14 мамыр сағат 13:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:

  • 2026 жылғы 12 мамыр сағат 09:00-ден 2026 жылғы 14 мамыр сағат 11:00-ге дейін – аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
  • 2026 жылғы 14 мамыр сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – электрондық сауда-саттықты өткізу.

         Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.

Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya

5. Лоттың бастапқы бағасы

Бастапқы бағасы: айына 120 000 (жүз жиырма мың) теңге.

6. Аукцион қадамының мөлшері

Аукцион қадамының мөлшері - 10 000 (он мың) теңге.

7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі

Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт қол қойылған күннен бастап 4 (төрт) айға жасалады.

8. Бірлескен қызмет туралы шарт жасасу тәртібі

Аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукциондық құжаттамада көрсетілген талаптар бойынша бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт жасасуға міндетті.

Аукцион жеңімпазы шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Серіктестік шарт жасасу туралы ұсынысты келесі ең жоғары баға ұсынған қатысушыға (екінші жеңімпазға) жібереді. Екінші жеңімпаз аталған ұсынысты қабылдауға және өзінің баға ұсынысына сәйкес талаптармен шарт жасасуға құқылы.

Шарт жасасудан жалтару болып мыналар танылады:
•аукцион жеңімпазының белгіленген мерзімде қол қойылған шартты ұсынбауы;
•Серіктестіктің хабарламаларын елемеуі;
• шартқа қол қоюдан тікелей бас тартуы.

Шартқа қол қоюдан бас тартқан аукцион жеңімпазы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының сенімсіз контрагенттер тізіліміне енгізілуге жатады.

9. Аукционға қатысу шарттары

Аукционға қатысуға Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 723-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес арнайы салық режимдері белгіленген шарттар мен шектеулер сақталған жағдайда қолданылады. Бұл ретте бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызмет жүзеге асыратын салық төлеушілер арнайы салық режимдерін қолдануға құқылы емес.

Егер аукцион жеңімпазы жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде болмаса, ол бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген режимге көшуге міндетті.

(https://kodeksy-kz.com/ka/nalogovyj_kodeks/723.htm#google_vignette)

10. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар

Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
  • Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
  • Серіктестік алдында берешегі болмауы тиіс;
  • терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
  • банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
  • сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.

11. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын

құжаттардың тізбесі

Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:

1) электрондық E-Sauda платформасы арқылы ұсынылған белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім;

2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;

3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,

банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер;

5) орналастырылатын уақытша объектінің болжамды түрінің эскизі (визуализациясы) немесе фотосуреттері.

12. Өнім ассортиментіне қойылатын талаптар

Ұсынылатын визуализация алаңды табиғи және сәндік тастардан жасалған әшекей бұйымдарды сатуға пайдалану форматын, сондай-ақ келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
• табиғи және сәндік тастардан жасалған әшекей бұйымдардың нақты бар екенін растайтын, ассортименті мен сыртқы келбетін көрсететін фотоматериалдарды міндетті түрде ұсыну;
• ассортимент келесі тізбеден кемінде 6 (алты) түрлі материалдан жасалған бұйымдарды қамтуы тиіс: барокко маржаны, перламутр, теңіз тастары, мыс, бирюза, турквенит, обсидиан, агаттар, цитрин;
• фотоматериалдар өзекті болуы, нақты қолда бар бұйымдардың ассортиментін шынайы көрсетуі және бөгде (сырттан алынған) суреттерді пайдалануға жол бермеуі тиіс;
• фотоматериалдардың болмауы немесе жалған (шынайы емес) суреттерді ұсыну өтінімді қабылдамауға негіз болып табылады.

13. Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 05 мамырдан бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 08 мамырда сағат 17:00-де аяқталады.

14. Байланыс және қосымша ақпарат

Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін).

Мүдделі тұлғалар лот объектісімен алдын ала келісу арқылы келесі мекенжай бойынша орнында таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңы.