«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукцион 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 01-06/13 бұйрықпен бекітілген бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді (консорциум) таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары
Бурабай курорттық аймағындағы Абылай хан алаңы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 18 (он сегіз) шаршы метрді құрайтын алаң (орналасу сызбасы қоса беріледі).
Нысанның мекенжайы:
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңының аумағы.
Нысаналы мақсаты: Абылай хан алаңы аумағындағы алаң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, страйкбол тирі қызметін көрсетуге арналған жабық үлгідегі уақытша құрылыс/павильон орналастыруға арналған.
2. Аукционның мәні
Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.
3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны
Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).
4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.
Аукцион 2026 жылғы 04 қыркүйек сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 07 қыркүйек сағат 13:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:
- 2026 жылғы 04 қыркүйек сағат 09:00-ден 2026 жылғы 07 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін – аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
- 2026 жылғы 07 қыркүйек сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін – электрондық сауда-саттықты өткізу.
Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.
Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:
https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya
5. Лоттың бастапқы бағасы
Бастапқы бағасы: айына 120 000 (жүз жиырма мың) теңге.
6. Аукцион қадамының мөлшері
Аукцион қадамының мөлшері – 10 000 (он мың) теңге.
7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі
Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт оған қол қойылған күннен бастап 12 (он екі) күнтізбелік ай мерзіміне жасалады.
8. Бірлескен қызмет туралы шартты жасасу тәртібі
Аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукциондық құжаттамада көрсетілген талаптарда бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт жасасуға міндетті.
Аукцион жеңімпазы шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Серіктестік шарт жасасу туралы ұсынысты келесі ең жоғары баға ұсынысын берген қатысушыға (екінші жеңімпазға) жібереді. Екінші жеңімпаз аталған ұсынысты қабылдауға және өзінің баға ұсынысына сәйкес келетін талаптарда шарт жасасуға құқылы.
Шарт жасасудан жалтару деп:
- аукцион жеңімпазының белгіленген мерзімде қол қойылған шартты ұсынбауы;
- Серіктестіктің хабарламаларын елемеуі;
- шартқа қол қоюдан тікелей бас тартуы танылады.
Шартқа қол қоюдан бас тартқан аукцион жеңімпазы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жосықсыз контрагенттер тізіліміне енгізілуге жатады.
9. Аукционға қатысу шарттары
Аукционға қатысуға Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 723-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес арнайы салық режимдері белгіленген шарттар мен шектеулер сақталған жағдайда қолданылады. Бұл ретте бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызмет жүзеге асыратын салық төлеушілер арнайы салық режимдерін қолдануға құқылы емес.
Егер аукцион жеңімпазы жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде болмаса, ол бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген режимге көшуге міндетті.
(https://kodeksy-kz.com/ka/nalogovyj_kodeks/723.htm#google_vignette)
10. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар
Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
- Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
- өтінім беру кезінде Серіктестік алдында берешегі болмауы тиіс;
- терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
- банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
- сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс.
11. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын
құжаттардың тізбесі
Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:
1) электрондық E-Sauda платформасы арқылы ұсынылған белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;
3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,
банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер;
5) орналастырылатын уақытша объектінің (құрылыс/павильон) болжамды сыртқы келбетінің эскизі (визуализациясы) не фотосуреттері.
Эскиздер (визуализациялар) немесе фотосуреттер тұжырымдамалық сипатқа ие болып табылады және нысанның болжамды сыртқы келбеті оның ұқыпты әрі көрнекті бейнесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін растау үшін ұсынылады.
12.Жабық үлгідегі уақытша құрылыс/ павильонға қойылатын талаптар
Ұсынылатын визуализация жабық үлгідегі уақытша құрылыс/павильон орнатуға арналған алаңды пайдалану форматын көрсетуі және схемалық бейнені және (немесе) фотосуреттерді, сондай-ақ келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
Құрылыс/павильонға қойылатын міндетті талаптар:
• габариттік өлшемдері келесі шектерде болуы тиіс:
- ені – 2,80 м-ден 3,00 м-ге дейін;
- ұзындығы – 5,80 м-ден 6,00 м-ге дейін;
- биіктігі – 2,90 м-ден 3,00 м-ге дейін;
• құрылыс/павильонның сыртқы келбеті эстетикалық болуы, техникалық жағдайы – жарамды және пайдалануға қауіпсіз болуы тиіс;
• электрмен жабдықтауға және өзге де инженерлік желілерге қосылу қажеттілігі туралы мәліметтер (бар болған жағдайда), қажетті (тұтынылатын) қуатты көрсете отырып.
Құрылыс/павильон келесілерді көздемеуі тиіс:
• жер учаскесінің рельефін өзгерту;
• қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келетін өзге де әрекеттер.
13. Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 02 қыркүйектен бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 03 қыркүйекте сағат 17:00-де аяқталады.
14. Байланыс және қосымша ақпарат
Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін).
Мүдделі тұлғалар алдын ала келісу арқылы лот нысанымен келесі мекенжай бойынша таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңы.