Басты бет«Бурабай Даму» экскурсиясы әлем чемпионатына қатысушыларды қанаттандырды

«Бурабай Даму» экскурсиясы әлем чемпионатына қатысушыларды қанаттандырды

«Бурабай Даму» экскурсиясы әлем чемпионатына қатысушыларды қанаттандырды «Бурабай Даму» экскурсиясы әлем чемпионатына қатысушыларды қанаттандырды «Бурабай Даму» экскурсиясы әлем чемпионатына қатысушыларды қанаттандырды

Щучье-Бурабай курорттық аймағы бойынша экскурсияларды биатлоннан әлем чемпионатына қатысушылар үшін ҚР ПІБ «Бурабай даму» кәсіпорнының қызметкерлері ұйымдастырды.

Щучинск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатына 40 елдің өкілдері қатысады. Жарыстар мен жаттығулар арасында шетелдік қонақтар жергілікті көрікті жерлерге барып, Қазақстан інжу-маржанының сұлулығынан ләззат алу мүмкіндігін жіберіп алмады. Белгілі болғандай, барлық спортшылар Бурабайда алғаш рет болды.

Шетелдіктерді Бурабай табиғаты мен қазақтың қонақжайлылығы таң қалдырды. Қонақтар экскурсоводтарды қызығушылықпен тыңдап өз әсерлерімен бөлісті:

- Мен Қазақстанда боламын деп ойлай алмадым. Мен Қазақстан туралы көп білмедім, бірақ осында келіп, Қазақстан туралы біліп, оның керемет ел екеніне көз жеткіздім. Бурабай өзінің ормандары мен көлдерімен Канадаға өте ұқсас. Мұнда өте әдемі. Тілдік кедергі бар, кейде қарым-қатынас жасау қиын, бірақ мен осында болудан ләззат аламын және бір күні осында қайта ораламын деп үміттенемін, - деді Ванкувер қаласындағы канадалық спортшы Тайлер Бринвуд.

Италия құрама командасының мүшесі Пиетро Бурабайдың олар үшін ерекше орынға айналғанын атап өтті:

- Қазіргі уақытта бізде 2 медаль бар, дегенмен чемпионат 12 наурызға дейін жалғасады. Сондықтан Италияға Біз Қазақстан туралы өте жақсы және жылы естеліктермен ораламыз. Біз өте мейірімді және қонақжай адамдармен танысқанымызға қуаныштымыз. Бүгін бізге осы курорттық орынның керемет табиғаты көрсетілді. Бізге сіздерде өте ұнады! - деп мойындады итальяндық.