Балалық шақ жарқын сәттерге толы болуы әрі алаңсыз өтуі керек. Өкінішке қарай, үнемі олай бермейді. Құрметті ардагерлер! Соғыс кезінде дүниеге келген аға буын өкілдері! Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!Біз сіздердің төзімдеріңізді, ерік-жігерлеріңізді мақтан тұтамыз. Сіздер қатал заманның ауыртпалығын қайыспай көтердіңіздер. Ендігі өмірлеріңіз тыныш, бейбіт болсын. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ та бақуатты өмір, отбасы мен туған-туыстарыңызға амандық тілейміз. Келер ұрпақ тыныш әрі бейбіт өмір кешсін!