2024 жылғы 28 Ақпанда "Бурабай Даму" ЖШС шақыруымен мультимедиялық интерактивті кешенге Владимир Михайлович Смирнов келді.
Серіктестік Владимир Смирновқа кешеннің залдары бойынша танысу экскурсиясы, сондай-ақ "Самұрық құсының ұшуы" аттракционына бару ұйымдастылды, онда Қазақстан бойынша құстардың ұшу биіктігінен шағын саяхат жасалынды.
Кешеннің залдарына барғаннан кейін Владимир Смирнов қолтаңбасын "тарихи оқиғалар шежіресі"қабырғасында қалдырды. Қабырғада оның Олимпиададағы жеңістері туралы да ақпарат болды, бұл оның қолтаңбасының маңыздылығын арттырды. Бұл оның мансабындағы маңызды сәт болды және біз оның еліміздің спорттық тарихына қосқан үлесін мақтан тұтамыз 🇰🇿
Владимир Михайлович Смирнов Щучинск қаласының тумасы, КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, кеңестік және қазақстандық шаңғышы, 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының 4 дүркін күміс және екі дүркін қола жүлдегері, КСРО бірнеше дүркін чемпионы, үлкен хрусталь глобустың екі дүркін иегері. 80-ші жылдардың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы әлемдегі ең мықты шаңғышылардың бірі. 1980-1992 жылдары КСРО және ТМД құрамаларында, 1992-1999 жылдары Қазақстан туының астында өнер көрсетті.