Басты бет133. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу т...

133. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

133. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ 133. Бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

Аукцион 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 01-06/13 бұйрықпен бекітілген бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктестерді (консорциум) таңдау бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

1. Объектінің (Лоттың) атауы және оның сипаттамалары

Бурабай курорттық аймағындағы Абылай хан алаңы аумағында орналасқан, жалпы ауданы 24 (жиырма төрт) шаршы метр болатын алаң (орналасу схемасы қоса беріледі).

Объектінің мекенжайы:

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңының аумағы.

Нысаналы мақсаты: Абылай хан алаңының аумағындағы алаң франчайзингтік модель негізінде қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, кофехана форматындағы уақытша қоғамдық тамақтану объектісін орналастыруға арналған.

2. Аукционның мәні

Заңды тұлға құрмай, жай серіктестік нысанындағы бірлескен қызмет туралы шарт негізінде бірлескен (шаруашылық) қызметті жүзеге асыру үшін серіктесті таңдау.

3. Аукционды өткізу нысаны, әдісі және орны

Аукцион E-Sauda электрондық сауда платформасында бастапқы бағаны кезең-кезеңімен көтере отырып, сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізіледі (https://e-sauda.com).

4. Аукцион өткізілетін күн мен уақыт.

Аукцион 2026 жылғы 02 қыркүйек сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 04 қыркүйек сағат 16:00-ге дейін өткізіледі және келесі кезеңдерді қамтиды:

  • 2026 жылғы 02 қыркүйек сағат 09:00-ден 2026 жылғы 04 қыркүйек сағат 15:00-ге дейін – аукционға қатысушылардың ұсынған өтінімдері мен құжаттарын толықтығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан комиссиялық қарау;
  • 2026 жылғы 04 қыркүйек сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін – электрондық сауда-саттықты өткізу.

         Аукционға қатысу үшін тіркеуден өту қажет.

Пайдаланушыларды тіркеу тәртібі сілтеме бойынша қол жетімді:

https://wiki.e-sauda.com/books/registraciya/page/registraciya-polzovatelya

5. Лоттың бастапқы бағасы

Бастапқы бағасы: айына 212 500 (екі жүз он екі мың бесжүз) теңге.

6. Аукцион қадамының мөлшері

Аукцион қадамының мөлшері - 21 000 (жиырма бір мың) теңге.

7. Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың мерзімі

Бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт оған қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) күнтізбелік ай мерзіміне жасалады.

8. Бірлескен қызмет туралы шартты жасасу тәртібі

Аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукциондық құжаттамада көрсетілген талаптарда бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт жасасуға міндетті.

Аукцион жеңімпазы шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Серіктестік шарт жасасу туралы ұсынысты келесі ең жоғары баға ұсынысын берген қатысушыға (екінші жеңімпазға) жібереді. Екінші жеңімпаз аталған ұсынысты қабылдауға және өзінің баға ұсынысына сәйкес келетін талаптарда шарт жасасуға құқылы.

Шарт жасасудан жалтару деп:

  • аукцион жеңімпазының белгіленген мерзімде қол қойылған шартты ұсынбауы;
  • Серіктестіктің хабарламаларын елемеуі;
  • шартқа қол қоюдан тікелей бас тартуы танылады.

Шартқа қол қоюдан бас тартқан аукцион жеңімпазы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жосықсыз контрагенттер тізіліміне енгізілуге жатады.

9. Аукционға қатысу шарттары

Аукционға қатысуға Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қолданыстағы заңнама мен Қағидалардың талаптарына сәйкес жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 723-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес арнайы салық режимдері белгіленген шарттар мен шектеулер сақталған жағдайда қолданылады. Бұл ретте бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызмет жүзеге асыратын салық төлеушілер арнайы салық режимдерін қолдануға құқылы емес.

Егер аукцион жеңімпазы жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде болмаса, ол бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген режимге көшуге міндетті.

(https://kodeksy-kz.com/ka/nalogovyj_kodeks/723.htm#google_vignette)

10. Әлеуетті серіктестерге қойылатын талаптар

Аукционға қатысушы келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының сенімсіз контрагенттер тізілімінде тұрмауы тиіс;
  • Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген орындалмаған міндеттемелердің болмауы тиіс;
  • Серіктестік алдында берешегі болмауы тиіс;
  • терроризмді, экстремизмді немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдардың тізбелеріне (сондай-ақ оның басшысы мен құрылтайшылары) енгізілмеуге тиіс;
  • банкроттық, тарату немесе оңалту рәсімдерінде болмауы тиіс;
  • сот талқылауларының тарапы болып табылмау және мүлікке қатысты атқарушылық іс жүргізулердің болмауы тиіс;
  • франчайзингтік модель негізінде кофехана форматында қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыруға;
  • кофехананың франчайзингтік желісі аукционға қатысуға өтінім берілген күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 5 (бес) жыл қызметін жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 20 (жиырма) жұмыс істеп тұрған нүктесі (объектісі) болуға тиіс.

11. Аукционға қатысу үшін ұсынылатын

құжаттардың тізбесі

Аукционға қатысу үшін қатысушы ұсынады:

1) электрондық E-Sauda платформасы арқылы ұсынылған белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім;

2) заңды тұлғалар - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы жарғы мен куәліктің көшірмелері;

3) жеке кәсіпкерлер - ҚР жеке куәлігінің (паспорттың, тұруға ықтиярхаттың) көшірмесі, ЖК талонының (жеке тұлғаның) көшірмесі,

банктен есеп айырысу шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

4) қолданылатын салық салу режимі туралы мемлекеттік кірістер органдарының анықтамасы (немесе хабарламасы) не салық төлеушінің салық салу режимі туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер;

5) жоба тұжырымдамасы – аукционға қатысушы нысанда орналастыру және іске асыру жоспарланып отырған кофехана форматындағы уақытша қоғамдық тамақтану объектісін орналастыру және оның жұмыс істеу тұжырымдамасын, сондай-ақ оны іске асыру мен дамытудың негізгі параметрлерін, оның ішінде сатылатын өнім ассортиментін, қызмет форматының сипаттамасын, объектінің визуалды безендірілуін және франчайзингтік модель негізінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтерді сипаттайтын қысқаша әрі құрылымдалған құжат (презентация түрінде).

Жоба тұжырымдамасы аукционға қатысушылардың өтінімдерін сапалық бағалау критерийі және аукцион жеңімпазының міндеттемелерін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

6) қатысушының франчайзингтік модель негізінде кофехана форматында қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттар (франчайзинг шарты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты, келісім немесе франчайзингтік модельді пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат);

7) франчайзингтік желінің Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 5 (бес) жыл бойы қызметін жүзеге асырып келе жатқанын және өтінім берілген күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 20 (жиырма) жұмыс істеп тұрған нүктесінің (объектісінің) бар екенін растайтын құжаттар және (немесе) мәліметтер.

12. Кофеханаға қойылатын талаптар

Ұсынылатын визуализация алаңды кофехананы орналастыру үшін пайдалану форматын көрсетуі және сызбалық кескінді және (немесе) фотосуреттерді, сондай-ақ төмендегідей мәліметтерді қамтуы тиіс:

Кофеханаға қойылатын міндетті талаптар:

  • кофехананың габариттік өлшемдері мынадай шектерде болуы тиіс:

– ені – 3,90 м-ден 4,00 м-ге дейін;

– ұзындығы – 5,90 м-ден 6,00 м-ге дейін;

– биіктігі – 2,90 м-ден 3,00 м-ге дейін;

  • көрсетілген габариттік өлшемдер кезінде кофехананың жалпы ауданы 24 шаршы метрден аспауға тиіс;
  • кофехананың сыртқы келбеті эстетикалық талаптарға сай, ұқыпты және тартымды болуы, сондай-ақ аукционға қатысушы ұсынған жоба тұжырымдамасына сәйкес келуі тиіс;
  • кофехана объектінің нысаналы мақсатына сәйкес келуі және франчайзингтік модель негізінде кофехана форматында қоғамдық тамақтану саласында қызметті жүзеге асыруы тиіс;
  • кофехананың техникалық жай-күйі жарамды әрі пайдалануға қауіпсіз болуы тиіс;
  • электрмен жабдықтауға және өзге де инженерлік желілерге қосылу қажеттілігі туралы (бар болған жағдайда), қажетті (тұтынылатын) қуатын көрсете отырып, мәліметтер ұсынылуы тиіс.

Кофеханада төмендегілерге жол берілмейді:

· жер учаскесінің жер бедерін өзгертуге;

·объектінің нысаналы мақсатына, жоба тұжырымдамасына және бірлескен (шаруашылық) қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға;

· Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келетін өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға.

13. Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 31 тамыздан бастап жүзеге асырылады және 2026 жылғы 01 қыркүйекте сағат 17:00-де аяқталады.

14. Байланыс және қосымша ақпарат

Аукцион шарттарына және лот объектісіне байланысты сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 701 092 14 05 (сағат 09:00-ден 18:00-ға дейін).

Мүдделі тұлғалар лот объектісімен алдын ала келісу арқылы келесі мекенжай бойынша орнында таныса алады: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Абылай хан алаңының аумағы.